Тендер жайлы не білеміз?!

Рубрика:
Тендер жайлы не білеміз?!
3895 просмотров

Тендер дегеніміз - қызметтерді ұсынуға, жұмыстарды орындауға немесе тауарларды жеткізуге үміткерлерді конкурс түрінде іріктеу. Тапсырыс беруші белгілі бір шарттар қояды, ал қатысушылар сол талаптарға сәйкес ұсыныстар жасайды. Жеңімпаз - ең тиімді ұсынысты жасаған адам.

Айталық, ауылдық округте 500 орындық мектеп салу үшін, облыстық білім беру басқармасы конкурс жариялайды. Бұл тендерге көрсетілген шарттарды қанағаттандыратың құрылыс саласында жұмыс істейтін компаниялар қатыса алады.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тендерді ең тиімді баға ұсынған компания жеңеді. Нақтыласақ: бірінші компания мектепті 200 миллион теңгеге саламыз десе, ал екінші компания осы мектепті 180 миллион теңге көлемінде саламыз деп ұсыныс тастайды. Нәтижесінде, тиімді сомма көрсеткен екінші компания жеңімпаз атады.

Жалпы тендер жүйесімен таныстық. Келесі түрлеріне тоқталайық.

 

ТЕНДЕР ТҮРЛЕРІ

 

Бірі білсе, бірі білмес алайда ТЕНДЕРлерде әртүрлі болады. Бұл тапсырыс берушінің қалауы және  өткізу әдісіне байланысты.

Қазақстанда кездесетін негізгі түрлері:

  • ашық және жабық конкурстық;
  • екі я көп сатылы конкурс;
  • ашық және жабық аукцион;
  • алдын-ала іріктеу сайысы;
  • баға, баға ұсыныстарын сұрату;
  • бәсекелестік келіссөздер.
 

МАҢЫЗДЫ!

 

Тендерлерге заңды және жеке тұлғалар қатыса алады. Аукциондық құжаттаманы дайындау ешқандай арнайы дағдыларды қажет етпейді. Сізге ЭЦҚ (эцп) және арнайы электронды сайтта тіркелу қажет. Бұл дегеніміз- жаңа бастаған кәсіпкерлерде тендерден жеңіп шығуы әбден мүмкін. Себебі, барлығына шарт ортақ. Алайда, егер сіз өз қабілеттеріңізге әлі де күмәнданатын болсаңыз, БІЗдің қызметтерімізді пайдалануға кеңес береміз. Сізге және сіздің компаниянызға барлық қажетті құжаттарды дайындауға, тиісті тендерді табуға және кейінде одан әрі өзара әрекеттесу бойынша ұсыныстармен қолдау көрсететін боламыз.

Құрметті оқырман, Блог ұнаса пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!

Tenderbot.kz порталы арқылы сіз ең өзекті әрі маңызды тендерлер мен мемлекеттік сатып алуларды таба аласыз. Біздің мамандар Қазақстандағы барлық электрондық сауда алаңдарын күнделікті өз бақылауында ұстайды. Кеңес алу және порталдың барлық қызметтері туралы көбірек білу үшін веб-сайтта сұраныс қалдырыңыз, сонда біздің менеджерлер міндетті түрде кері байланысқа шығады.